25 наурыз 2020 13:25

Алматыда жаңадан коронавирус анықталған адамдар жайлы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Мамандар Алматыда коронавирус анықталған соңғы науқастар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мамандар Алматыда коронавирус анықталған соңғы науқастар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда 2 жаңа жағдай тіркелді. Біріншісі бұған дейін вирус анықталған адамның жақыны. Екінші қыз Цюрихтен ұшып кетген. Ол барлық керекті шараны ескерген, таксимен келіп, жалға алынған пәтерде бірден оқшауланған. Вирус ошағы өңделді, қыз жақындарымен және туыстарымен байланыста болған жоқ. Симптомдар байқаған соң, ауруханаға өзі жүгінді", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова "Хабар 24" телеарнасындағы онлайн-брифинг кезінде.

Еске салайық, 25 наурызда таңертең коронавирус індетін жұқтырған тағы жеті адам тіркелді. Олардың екуі Алматыда, бесеуі Нұр-Сұлтанда. 

Осылайша қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети