15 мамыр 2020 09:22

Алматыда жаңадан салынған 100-ден астам жолдың сапасы сын көтермейтіні анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: almaty.tv Сурет: almaty.tv

Алматыда соңғы бір жыл көлемінде 100-ден астам жаңадан салынған жолдың сапасы сын көтермейтіні анықталған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  


Алматыда соңғы бір жыл көлемінде 100-ден астам жаңадан салынған жолдың сапасы сын көтермейтіні анықталған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Жол құрылысындағы мұндай олқылықтарды "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" қалалық филиалы тіркеген. Бүгін олар қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдерімен бірге шаһарда төлесіп жатқан асфальт құрылысымен танысып, сапасын тексерді.

Бүгін "Сапалы жол - адалдық алаңы" атты жобалық кеңсенің аясында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" мамандары мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері арнайы рейдке шықты. Мониторингтік топ қаладағы жол құрылысын бақылап, тиісті нормалардың қаншалықты сақталып жатқанын тексерді. Олар Алатау ауданында төселіп жатқан көшелердің біріндегі жол құрылысынан өрескел ақау тапты.

"Жамылғының қалыңдығы 11 см болуы керек. Енді мынаны біз тексеріп қараған кезде мына нысанда жамылғы жобаға сәйкес емес. Орта есеппен алғанда 7-7,5 см шығып тұр", - дейді жоба өкілі.

"Шаңырақ" ықшам ауданындағы Жарқынбаев көшесіндегі жолдың беті алынып, қайтадан асфальт төселеді. Қазір құрылысшылар асфальттан қалған үйіндіні осылайша алып жинап жатыр.

Құрылыс барысында мердігер компанияның иесі көрінбеді. Десе де мамандар мұндай бақылау жүргізіліп, ескерту жасалмаса бұл салынған жол бір жылға жетпей-ақ тоз-тозы шығады дейді.

"Менің ойымша, кемшіліктердің себебі жақсы мамандардың жетіспеуінен болуы мүмкін, бәлкім, ақша үнемдеу болуы мүмкін. Ол екеуінде де шығын болып тұр. Бұл объект бүгінгі күнге дейін әлі эксплуатацияға берілген жоқ. Сол себепті жемқорлық болмауы үшін алдын ала ескертіліп жатыр", - деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Игіліков.

Көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тас жол 3 жылға, ал жаңадан төселген асфальт болса, жол 5 жылға дейін бұзылып кетпеуі керек.

"Былтырдан бері істеп жатқан жұмысымыздың аясында 100-ден аса ақау анықталды. Ол ақаулардың бәріне сәйкеснші хаттамалар жазылып мердігерге, тапсырыс берушіге хаттар жазылып, олардың бір 80 пайызы қалпына келтірілді. Қалған 20 пайызы қазір қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде", - деді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы қалалық филиалының директоры Мәулен Әліпов.

Жалпы биыл елімізде жол құрылысына қазынадан 700 миллиард теңге қыруар қаржы бөлінген. Ал қала жолдарын жөндеуге шамамен 45 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалмақ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети