12 қыркүйек 2018 10:32

Алматыда жанармай бағасын заңсыз көтергендерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасын заңсыз көтергендер анықталды. Жанар-жағармай сататын субъектілердің жымысқы әрекеті Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері жүргізген тергеу барысында әшкере болған. Бағаны қолдан көтергендерге 260 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасын заңсыз көтергендер анықталды. Жанар-жағармай сататын субъектілердің жымысқы әрекеті Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері жүргізген тергеу барысында әшкере болған. Бағаны қолдан көтергендерге 260 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жанармай бағасын негізсіз көтерген 4 компания анықталған. Департамент өткен жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін 24 талдау жүргізіп, 624 ммиллион теңге көлемінде айыппұл салған.

"Алдыңғы жылғы айыппұлдар бойынша айтатын болсақ, 260 миллиондай айыппұл салынған болатын. Бұл сот шешімдері тек осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында шықты", - деді Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Тимур Каленов.

Негізсіз көтерілген бензин бағасы қалтаға қатты салмақ салса, ай сайын өсіп жатқан жағармай бағасы да алаңдатады дейді көлік жүргізушілері. Қазір қалада бір литр дизельдің бағасы 187 мен 191 теңгеге дейін сатылып жатыр.

Айта кетейік, жанар-жағармай бағасы маусым айындағы акциз ставкасын арттыру туралы Үкімет қаулысынан кейін өсе бастаған. Бұл қаулы 31 қазанға дейін күшінде болады. Сондықтан дизель отынының бағасы тек күзгі егістік жұмыстары аяқталған соң арзандауы мүмкін дейді сарапшылар.

"Министрлік дизель отынының бағасы қараша айында төмендейді деп уәде беріп отыр. Дегенмен, баға ешқашан бастапқы қалпына дейін түспейді. Біршама арзандауы мүмкін. Қазір жанармай бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы 157 теңге болса, дизель отыны - 191 теңге. Яғни, дизел отынының бағасы АИ-98 бензинінің бағасымен бірдей сатылып жатыр деуге болады. Алайда, дизелді өндіру АИ-98 бензиніне қарағанда жеңілірек", - деді мұнай және газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов.

Антимонополия қызметкерлерінің айтуынша, заңсыз бағаны өсіретіндермен күрес жалғаса береді. Ал, негізсіз баға көтергендер қомақты айыппұл төлейтін болады. Естеріңізде болса, Қазақстанда 26-тамыздан бері Ресейден жанармай тасуға 3 айлық тыйым салынған еді.

"Көріп отырғандарыңыздай, қазір бензин бағасы біршама арзандады. Жыл басында 161 теңге болса, бүгінде 156-157 теңге. Бірақ бұл да уақытша деп ойлаймын. Себебі, министрлік жүргізген сараптама көрсеткендей, 2021-23 жылдары елімізде қайтадан бензин мен дизель отыны тапшы болады. Сондықтан, қазірден бастап төртінші мұнай өңдеу зауытын салуды ойластыру керек шығар", - деді Сергей Смирнов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети