Алматыда екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева түскен жол апаты болған жерде жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркейтін бейнекамера орнатылады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева түскен жол апаты болған жерде жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркейтін бейнекамера орнатылады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Люктерге қатысты мәселе жоғары деңгейде қаралатын болады. Бұл туралы мен сіздерге уәде бере аламын. Қорқынышты жағдай болды. Мен қыздың туыстарымен сөйлестім, онда расында люктің болғаны нақты емес. Суреттен дисктің бүлінгені көрінеді. Ол бордюрді соғып кеткен болуы да мүмкін. Тергеу нәтижесін күтейік. Тергеу объектив түрде жүргізіліп жатыр. Барлығы бақылауда", - деді "Я-Алматинец" қоғамдық қозғалысының лидері, кәсіпкер Константин Авершин.
"Қандай жағдай болсын бұл мәселені коммуналдық кәсіпорындармен талқылайтын боламыз. Қазір заңгермен сөйлестім. Ол мұнда Camry жүргізушісінің кінәлі екенін айтады. Ол жылдамдықты асырып жіберген. Енді Катеринамен байланыста боламыз. Біздің міндетіміз қоғамдық пікірді қала әкімшілігіне жеткізу. Ашық диалог жүріп жатыр. Сол диалогты жалғастыру керек", - деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, Константин Авершин, бүгін, 19 маусымда Алматы мәслихатында депутаттардың көлік құралдары мәселесімен айналысатын жұмыс тобының отырысында әл-Фараби даңғылында болған төтенше жағдайды талқылағандарын айтып өтті.
"Комиссия қорытындысы бойынша, мен және депутаттар тобы әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесін өз мойнымызға алатын болдық. Қосымша қаражат қажет болса, сондай-ақ, қызға протез сәйкес келмей қалса - кәсіпкерлер оларға көмектеседі. Люктер жайлы айтатын болса, ІІД тергеуінің қорытындысын күтіп отырмыз. Олар ол жерде люк болды ма, жоқ па - соны анықтауы керек. Әкімдіктегілер өздері отырыс өткізеді деп ойлаймын. Кінәлі адамдар қатаң түрде жазаланады деп сенемін", - деді кәсіпкер Константин Авершин.
Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.