26 мамыр 2015 16:25

Алматыда жасыл велосипедшілер мүсіні пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Алматы" телеарнасының кадры ©"Алматы" телеарнасының кадры

Алматы қаласында ерекше мүсіндеп пайда болды - жасыл велосипедшілер, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматы қаласында ерекше мүсіндеп пайда болды - жасыл велосипедшілер, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жеті велосипедші түріндегі конструкция әл-Фараби даңғылында пайда болды. Ал қала декораторлары бұл іспен тоқтап қалғысы келіп отырған жоқ. Маусым айында "Медеу" алдында конькишілердің, "Шымбұлаққа" барар жолда сноубордшылардың және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында палуандардың мүсіндерін қою жоспарланды.

"Жазда олар гүлдейді, мүсіндер қыста та тұрады. Түнде жанып тұрады. Бүгінге дейін бұл екінші конструкция. Бұл жаңа фигуралар, қаламыздың жаңа сәні - өте қызық әрі жасыл", - деді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Алмат Әмірешев.

Барлық мүсінді Алматының мамандары жасады. Жалпы сегіз мүсін жасалады. Бір фигураны жасауға шамамен бір апта уақыт жұмсалады. Айта кетейік, әл-Фараби даңғылындағы велосипедшілер мүсінін жасауға бюджеттен 14 миллион теңге жұмсалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети