21 қыркүйек 2018 09:35

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған бұзақы кешірім сұрады: Желіде видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматы кешірім сұраған видео желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматы кешірім сұраған видео желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ер адам өзін таныстырып, 18 қыркүйекте болған бұл жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар, ол оқиға болған күні күйзелісте болғанын, оған 16 қыркүйекте ұрланған көлігі себеп екенін айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін айтып, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети