13 сәуір 2021 09:54

Алматыда жедел жәрдем қызметіндегі тексеріс: істің мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметіндегі құқық қорғау органдарының тексеруіне қатысты істің мән-жайы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметіндегі құқық қорғау органдарының тексеруіне қатысты істің мән-жайы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі Жедел жәрдем станциясы әкімшілігінің өтініші бойынша құқық қорғау органдарын тексеру тағайындалғанын хабарлады.

"Жоспардан тыс түгендеу барысында қосалқы станцияларда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігі және нормадан көп екені анықталды. Мысалы, маска, қорғаныс экран, резеңке етік және басқасы. Мән-жайды объективті тексеру үшін Жедел жәрдем станциясы әкімшілігі ақпаратты тиісті органдарға жіберді. Тексеру және тергеу нәтижелері бойынша шаралар қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Жедел жәрдем станциясында қызметкерлерге жалақы төлеу бойынша кешігулер жоқ екені хабарланды.

Айта кетейік, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева онлайн-брифингте прокуратура жедел жәрдем жұмысындағы заңбұзушылықтарға байланысты істі тергеп жатқанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети