25 сәуір 2020 09:12

Алматыда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 25 сәуірде 03.56-да тіркелді. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,5. Магнитудасы - 4,5", - делінген хабарламада.

Алматыда жер асты дүмпулері екі балдық күшпен сезілді.

Алматы қаласы ТЖД өкілдері тиісті мемлекеттік органдарды хабардар еткендерін айтты. Зардап шеккендер анықталған жоқ. "Қазселденқорғау" өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Қала тұрғындарынан 112-ге қоңырау шалғандар болған жоқ", - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети