1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жер сілкінісі салдарын бағалайтын штаб құрылды14 қараша 2014, 09:48

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда жер сілкінісі салдарын бағалау жөніндегі штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Алматы әкімдігімен бірге сейсмикалық белсенділік аймағындағы ғимараттар мен құрылыстарды тексеріп жатыр. "Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 07.24-те Алматыдан 130 шақырымда - Қырғызстан аумағында 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Энергетикалық класы - 13,9. Алматыда жерасты дүмпулері 3-4 балл түрінде сезілді.