22 желтоқсан 2019 11:22

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы бала табылды

© instagram/volontery_almaty_lider.kz © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы Дамир Серікұлы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы Дамир Серікұлы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен бала әпкесінің үйінде жүргенін анықтаған. Жасөспірімнің мұндай іс-әрекетке бару себебі әзірше белгісіз.

12 желтоқсанда күндіз Дамир мектептен шығып кеткеннен оны ешкім көрмеген. Мектеп басшылары шағым түсіргеннен кейін қалалық полиция өкілдері жоғалып кеткен баланы іздестіру бойынша жедел-алдын алу шараларын өткізген. 

"Көру қабілеті нашар балаларға арналған интернат оқушысы Дамир табылды. Мен оның анасымен байлаыстамын. Полиция және еріктілерге алғыс білдіреміз. Бастысы - бала аман-сау", - деп жазды Аружан Саин Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін ол анасына хат қалдырып кеткен. 

Оның сөзінше, хат жазуына себеп сыныптастарымен сөзге келісіп қалуы болған екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети