Алматыда жоғалып кеткен Әлихан Капановтың денесі табылды
11 Ақпан, 08:07Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жасатағы Әлихан Капановтың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық полиция департаментіндегілер бұл мәліметті растады, жас жігіт үсік шалып, қайтыс болды деген ақпарат бар.
"Зорлық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Жігіт туыстарының айтуынша, оның үсіген денесі Алма-Арасан маңынан табылған.
Бұған дейін жігіттің туыстары мен достары 23 жастағы Өскемен тұрғыны Әлихан Капанов 6 ақпанда сағат 16.30-да Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысында үйінен шығып, кейін жоғалып кеткенін хабарлаған.
Тегтер:
"Ел жаңалықтары" айдарындағы басқа жаңалықтар :
Шымкентте келіншек сауда - ойын сауық орталықта босанып қалды
Шымкентте бауыр мен бүйректі тұңғыш ауыстырған дәрігердің жаназасы шығарылды
Назарбаев "Евгений Онегин" операсына барды
Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Бауыржан Байбек Республика сарайында алматылықтар алдында есеп береді
Пікір қалдырыңыз