Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жол апаты кезінде стажер қыз трамвайдан секіріп кеткен

22 Қыркүйек 2015, 13:18
0
© Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының төрағасы Әсет Төлешев Алматыда трамвайдың ұшыраған апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқу-үйрену трамвайының тізгінінде стажер қыз болған, ал оның жүргізушісі көшеде тұрыпты. Алайда трамвай орнынан қозғалған сәтте стажер көлік құралын тоқтата алмай, шошып, одан секіріп кетіпті. Төлешев істің өзге жай-жапсарын атай алмады, себебі тергеу мүддесі үшін құпия сақталуы тиіс екен. Бірақ ол сақтандыру компанияларының бүлінген көліктерге өтемақы өндіріп беретінін айтты.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында және Байтұрсынов көшесінің бойынша бірнеше автомобильді соққан. Бір қиылыстың өзінде ол 14 автокөлікті соқты. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған. Алматыдағы жол апатында жалпы 17 автомобиль бүлінді. 

Трамвайды жүргізетін әйелдің зардап шеккені хабарланды. Ол ауруханаға жеткізілді. Полиция өкілдерінің айтуынша, болжамдарға қарамастан, жүргізуші келіншек стажер емес, керісінше, тәжірибелі жұмысшы екен. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны нақтыланбай отыр. Сонымен қатар, ІІД өкілдері жол апатынан зардап шеккендердің көбейгенін хабарлады. Көлік апатының дерегіне байланысты соталды тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай