Алматыда жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан сурет жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан сурет жариялады

Алматыда жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақсы жаңалықтарымды айтайын. Бүгін Қалқаманға ауыстырды, #1 Қалалық Клиникалық ауруханаға реабилатацияға. Бұл қуантпай қоймайды, бұл менің қалпыма келудегі жаңа кезең", - деді Екатерина Парафиева.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети