30 маусым 2022 17:53

Алматыда қандай штамм коронавирустың өршуіне себеп болды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство 16 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтырғандар саны артқанын атап өтті.

"Тәуліктік өсім 0,032 пайызға, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық көрсеткіші 16,63-ке, репродуктив саны 1,78-ге жетті (республикалық көрсеткіш - 1,76). Бұл көрсеткіш бір науқастан бір-екі адам коронавирус жұқтырғанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы "жасыл" аймақта тұр, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"23 маусымда 74 оң ПТР-сынамасы жеткізілді, оның 58 үлгісі (78,4 пайыз) стелс-мутация ықтималдығын көрсетті, 16 үлгі (22 пайыз) - омикрон мутациясы (толық геномды секвенирлеу бойынша зерттеу жүргізіліп, растау керек). Бұл нәтижелер COVID-19 індетінің қазіргі себебі стелс-омикрон вирусының бір түрі екенін көрсетеді", - деді санитария дәрігерлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети