Алматыда қар жауып, көктайғақ болатыны ескертілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қар жауып, көктайғақ болатыны ескертілді

Алматыда алдағы күндері жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 4 қарашада сағат 3:00-тен 20:00-ге дейін 5-6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде, күндіз +5…+7 °С-қа дейін төмендейді.

5 қарашада көшпелі бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр, қар жауады (қалыңдығы 10 мм-ге дейін). Салдарынан көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +1…+3 °С-ты көрсетеді.

Алматы әкімдігі жүргізушілер, механизаторлар, жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқаратынын мәлімдеді.

"Тәулік бойғы жұмысқа 580 арнайы техника мен 2500-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Аула ішіндегі аумақты тазалауға 307 техника және 1500 жұмысшы, ал саябақтар мен алаңдарды күтіп ұстауға 550 техника мен 1900 қызметкер қатысады. Қаланың көше-жол желісін бақылау үшін 75 бригада кезекшілік етеді", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +17
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +22
С
Семей +21
Т
Талдықорған +22
Тараз +23
Түркістан +22
О
Орал +21
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер