01 тамыз 2020 13:00

Алматыда карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Алматы қаласының Наурызбай ауданында карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған сауна анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы қаласының Наурызбай ауданында карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған сауна анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Монша полиция қызметкерлері аудандық ДККБТУ өкілдерімен арнайы мобильді топтардың құрамында жүргізген мақсатты рейдтер барысында анықталды.

"Монша түнгі уақытта да жұмыс істеген. Клиенттер тұрақты түрде қабылданды. Сонымен қатар, кешен жұмысшыларының ешқайсысы келушілерден санитарлық нормаларды сақтауды талап етпеді. Бұл түсінікті, себебі мекеме қызметкерлерінің өздері жеке қорғаныс құралдарынсыз және санитарлық тазартқыш құралдарын қолданбаған. Бұл біздің қоғамда кеңінен таралған қылмыстық немқұрайлылық. Әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, әр адам ауруды жою үшін бар күшін салуы керек.

Осы саунадан шыққан жеті адамға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік материалдар жиналды. Олардың әрқайсысына 30 мың АЕК айыппұл салынды, бұл 83 мың теңгеден асады", - дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 453.06   490.7   5.12 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети