29 шілде 2020 13:36

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған мыңнан аса адамға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы полициясы мыңнан аса адамға карантин ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы мыңнан аса адамға карантин ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды. 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Ведомствоның хабарлауына қарағанда, азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және тағы басқалары үнемі тексеріліп отырады.

"Санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады", - деді полиция полковнигі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети