Алматыда экологтар №3 автобус паркін тексеріп, катализаторы жоқ ондаған автобусты анықтады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Экологтар мәліметінше, паркте 289 автобус тіркелген, оның 40-ы тексеру кезінде жөндеуде болған. 249 көлік тексеріліп, заңбұзушылықтар анықталды: 50 автобуста катализатор - зиян қалдықтардың деңгейін төмендететін пайдаланылған газдарды шығару жүйесінің элементтері болмаған.
Бұл мұндай заңбұзушылықтар анықталған алғашқы автопарк емес екені атап өтілді. Бұған дейін тексерістер NEO City TRANS және TALAP T автобус парктерінде жүргізілген болатын. Өлшеу қорытындысы бойынша кейбір көлік құралдарында қалдықтардың нормативтен асқаны анықталды.
"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 333 және 334-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 13,3 миллион теңге айыппұл салынды, сондай-ақ заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді", - деп хабарлады әкімдік.