18 мамыр 2020 17:15

Алматыда қайтыс болған ОҚКА қызметкері туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустан қайтыс болған Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкері туралы кейбір мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирустан қайтыс болған Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкері туралы кейбір мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, қаза тапқан әйел ОҚКА шаруашылық бөлімінің қызметкері болған. Пациент COVID-2019 инфекциясын диагностикалау мен емдеу хаттамасы бойынша ем алған.

"Оның басқа да аурулары болған. Оны өліммен аяқталған оқиғаларды зерттеу жөніндегі комиссия қарады. Комиссия қорытындысы Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы жағдайда өлімнің негізгі себебі бойынша қорытынды шешім қабылдайды. Бұдан кейін тиісті ақпарат беріледі", - деді ведомство басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Әйелдің нақты неден қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Бұған дейін, ОҚКА қызметкері лифтші болып жұмыс істегені белгілі болған. 16 сәуірде SARS CoV-2 анықталып, инфекциялық стационарға ауыстырылған. Ол реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қалдады. Алайда жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері артқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети