21 шілде 2016 17:13

Алматыда қаза болған полиция қызметкері туған ауылында жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД баспасөз қызметі © Алматы ІІД баспасөз қызметі

Полиция лейтенанты Тимур Бегасылов Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылында жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Жол-патрульдік қызметінің арнайы батальонының аға инспекторы 18 шілдеде ауыр жарақат алған еді. Ол келесі күні ауруханада қайтыс болған. 


Полиция лейтенанты Тимур Бегасылов Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылында жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Жол-патрульдік қызметінің арнайы батальонының аға инспекторы 18 шілдеде ауыр жарақат алған еді. Ол келесі күні ауруханада қайтыс болған. 

Тимур Бегасылов 2015 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен. 25 шілдеде ол 30 жасқа толар еді. Полицейдің кішкентай бір ұлы бар.

Осыған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қайтыс болған азаматтың отбасына көңіл айтқан. Баталовтың айтуынша, бұл қайғылы оқиға қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасына ғана емес, бүкіл елге қайғы алып келді. 

"Қылмысты ақтауға болмайды. Бұл қаза - біздің ортақ қайғы және біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Олар осы заманның батырлары. Тимур сияқты ұлды тәрбиелегеніңіз үшін біз сіздің алдыңызда бас иеміз. Біздің ендігі парызымыз - сіздерді қолдап, барлық жағдайда көмек көрсету", - деді Алматы облысының басшысы қайтыс болған полицейдің отбасына. 

Сонымен қатар, Амандық Баталов Тимур Бегасыловтың отбасына Қарасай ауданында орналасқан  "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен жаңа пәтердің кілтін табыс етті.


© Алматы ІІД баспасөз қызметі

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети