13 сәуір 2015 19:35

Алматыда Көктөбенің бөктерінде шыққан өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kazgeo.kz ©Kazgeo.kz

Алматыда Көктөбенің бөктерінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметке сілтеме жасап.


Алматыда Көктөбенің бөктерінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметке сілтеме жасап.

"4 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді. Тұрғын үй массивіне қауіп төнген жоқ. Өрттің беті 14.11-де қайтарылды, сөйтіп 15.12-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. Өртті сөндіруге жеке құрамның 45 адамы және 10 дана техника жұмылдырылды. Осыған дейін Алматыдағы өрт жайлы мәліметтің ТЖД диспетчер пультіне 12.21-де түскені хабарланған болатын. 

Айта кетейік, осыған дейін Мохнатка тауында Медеу шатқалында өрт шыққан болатын. Бұл оқиға 2012 жылдың 22 тамызында болды. 21 гектар жер өртеніп кетті. Өрттің беті 24 тамызда 12.45-те қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети