11 тамыз 2022 10:35

Алматыда көпқабатты автотұрақтар қашан пайда болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев көпқабатты автотұрақтар салу жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев көпқабатты автотұрақтар салу жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Әуезов ауданының тұрғындары автотұрақ мәселесіне шағымданды.

"Аудандарда көлік тұрағы бойынша үлкен мәселелер бар. Көшелер бітеліп, көлік жүретін жолдар толып, тіпті жартылай жабылып қалады. Нәтижесінде, өртсөндірушілер де, қажет кезде жедел жәрдем де өте алмайды. Көпқабатты автотұрақтар қажеттілігі туындап тұр", - деді аудан тұрғындарының бірі.

Сұраққа жауап берген қала басшысы шенеуніктер жақын арада бұл мәселені шешуге "үлкен бағдарлама" дайындайтынын атап өтті.

"Жері жалға берілген көптеген көлік тұрағы бар. Бағдарламаны дайындап болғаннан кейін, ұзақ уақыт бойы 50 немесе 100 орынды тұрақтардан ақша тапқан иеленушілерге шарт қойғым келеді. 500 көлікке бес қабат тұрғыза аламыз. Аулалар да босайды.

Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бойынша үлкен бағдарлама дайындалады. Бағдарламаны жыл аяғына дейін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл аулаларды ішінара босатады. 2023 жылы жеке инвесторлармен жұмыс істей бастаймыз", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети