09 тамыз 2023 09:37

Алматыда көпірді жөндеу жұмыстарына байланысты саябақ жойылып кетуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Facebook/Гульмира Байгабулова Фото Facebook/Гульмира Байгабулова

Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Есентай өзені маңында орналасқан саябақ жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Есентай өзені маңында орналасқан саябақ жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы урбанист және Urban Living негізін қалаушы Гүлмира Байғабылова мәлімдеді.

Фото Facebook/Гүлмира Байғабылова

"Қалалық мобилділік басқармасы жасыл буфер саябақ аумағын шу мен ластанудан қорғайды дегенді естігісі келмейді. Мұнда барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған болатын. Ал енді бұл әдемі саябақ жойылады. Достар, Есентайдағы саябақ қаланың көрнекті жеріне айналды. Біз оны сақтаудың жақсы нұсқаларын ұсындық. Бірақ көпірде қазір жүзеге асырылып жатқан жоба оны толығымен жояды. Мен кішкентай саябақ адамдарға ұнайтынын көрсететін айғақ суреттерді қалдырамын", - деп жазды Гүлмира Байғабылова Facebook-парақшасында.

Фото Facebook/Гүлмира Байғабылова

Бұған дейін Алматы әкімдігі Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіруге байланысты 101 ағаш кесілетінін хабарлаған болатын. Бұл ретте 101 ағаштың 28-ін сақтап қалуға және 10 ағашты (оның 3-і қайта отырғызылады) қайта отырғызуға мүмкіндік болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети