1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда коронавирус ошақтары көбейіп жатыр

Алматыда кейбір үйлердің аумағында шектеу шаралары алынып тасталғанына қарамастан, қалада коронавирус ошақтары көбейіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 9 індет ошағындағы төмендегі мекенжайлардан шектеу шаралары алынып тасталды:

- Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75;
- Түрксіб ауданы — "Алтай-1" ықшамауданы, 8; "Жас Қанат" ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63а;
- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, 31 наурыздағы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында коронавирустық инфекция ошағының 27 аймағы бар.

Әуезов ауданында – жұқтыру ошағының 4 аймағы: "Жетісу-2" ықшамауданы, 70а; "Мамыр-4: ықшамауданы, 313; 6 ықшамауданы, 35; 1 ықшамауданы, 28.

Алатау ауданында – "Заря-Восток" ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; "Ақкент" ықшамауданы, 7; "Ақбұлақ" ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы.

Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайы бойынша ошақтың 3 аймағы.

Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62 мекен-жайы бойынша ошақтың 5 аймағы; "Самал-3" ықшамауданы, 25; Достық, 111/2; Достық, 116; Достық, 493.

Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; "Құлагер" ықшамауданы, 45; Борзов көшесі, 85.

Түрксіб ауданында 2 аймақ ошағы тіркелген: "Жұлдыз", 45; "Жұлдыз-1" ықшамаудандары, 13.

Бостандық ауданында — 3 аймақ: Навои көшесі, 328; Клочков көшесі, 117; Навои көшесі, 310.

Наурызбай ауданында – 1 ошақ, Береке көшесі 1/97 мекенжайында орналасқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар қымбаттап жатыр