20 шілде 2020 18:18

Алматыда коронавирусты екінші рет жұқтырған науқастар бар ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Алматыда коронавирусты екінші рет жұқтырған адамдар жоқ. Бұл туралы онлайн-брифингте инфекционист дәрігер Тамара Утағанова хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирусты екінші рет жұқтырған адамдар жоқ. Бұл туралы онлайн-брифингте инфекционист дәрігер Тамара Утағанова хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде коронавирус жұқтырып, сауығып шыққан пациенттерді қайта ауруханаға жатқызу жағдайлары болған жоқ. Ауырып жазылған адамдардың көбі имунно-ферменттік талдаудан өтті және оларда М және G классындағы иммуноглобулин қалыптасқан. Бірақ мен ауруы симптомсыз өткен адамдар басқаларды жұқтырып алмауы үшін 14 күн үйде шыдауы керек деп ойлаймын", - деді дәрігер.

Бұған дейін ол кейбір науқас жазылғаннан кейін иіс пен дәмді ұзақ уақыт бойы сезбейтінін айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл адамдар әлі вирус жұқтырады деген сөз емес.

Дәрігер коронавирустан қандай маскалар жақсы қорғайтынын да еске салды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу хаттамасын 11 рет өзгерген

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети