20 наурыз 2020 | 17:42

Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Әлихан Сариев Иллюстрациялық фото: Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі коронавирус ошақтарының тізімін атады. Қалада ондай 10 жер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі коронавирус ошақтарының тізімін атады. Қалада ондай 10 жер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесі бойынша, Алматы аумағында COVID-2019 вирусының 10 ошағы анықталды. Үшеуі Алмалы ауданында, үшеуі Медеу, екеуі Түріксіб ауданында орналасқан. Жетісу мен Алатау аудандарында бір-бірден бар. 

Әкімдік осы аудандардың тұрғындарын қорықпауға шақырды. Себебі бұл уақытша шара. Бұл коронавирустың бүкіл қалаға тарамауы үшін жасалғанын айтты. 

Еске салайық, кеше, 19 наурызға қараған түні Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілген болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растаған еді.

Артынша "Сұңқар" тұрғын үйінің маңындағы үш үйге карантин жарияланған болатын.

Ал бүгін түнде Алматыдағы Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынғаны хабарланған. Кейін тағы екі үй қоршауға алынған еді. 

Еске салайық, 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети