19 наурыз 2020 16:58

"Сұңқар" тұрғын үйінің маңындағы үш үй карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұңқар" тұрғын үйінің маңындағы үйлер карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сұңқар" тұрғын үйінің маңындағы үйлер карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сұңқар" тұрғын үйімен бірге: Достық 42, Достық 42а, Қабанбай батыр 68 мекенжайындағы үйлер карантинге жабылды. Тұрғындарға бұл жерден осыған дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгеннен кейін үйден алысқа шығуға тыйым салынды. Одан бөлек, тұрғын үйге жақын орналасқан азық-түлік дүкендері де оқшауланды. 

Сонымен қатар, қалада бірнеше вирус жұқтыру ошағы бар. Бұл туралы да Ержан Бабақұмаров мәлімдеді. Оның айтуынша, толыққанды ақпарат 20 наурызда беріледі. 

Еске салайық, 19 наурызда Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети