19 наурыз 2020 01:53

Коронавирус жұқтырған алматылық тұратын тұрғын үй оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 наурыздан бастап "Сұңқар" ТК аумағы қоршалады, периметрі бойынша 4 бақылау-өткізу пункті орнатылады. Тұрғын үй кешенінен тұрғындардың ешқайсы кете алмайды, сондай-ақ қонақтарды қабылдай алмайды. Кешен тұрғындары өз тұрғын үйінен кетпеуі керек, жерасты паркингіне түсуге тыйым салынады.

"Біздің кешеннің тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Сондай - ақ, жеткізу орталықтарынан тауарлар мен өнімдерге тапсырыс беру кезінде жеткізілген тапсырыстарды төрт БӨП-тің бірінде алуға болады, бұл туралы хабарланатын болады", - делінген әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламада.


© Tengrinews.kz

Кешеннің жұмыс істейтін барлық тұрғынын жұмыс берушілерінен қалыптасқан жағдай туралы ескерту сұралған. Карантин 15 күнтізбелік күнге созылады және қажет болған жағдайда ұзартылады екен, бұл туралы алдын ала хабарланады.

"ПИК, СЭС және әкімдік қызметкерлері пәтерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Карантин режимін бұзғаны үшін тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады (...) ",- деп ескертті кешен әкімшілігі.


©Tengrinews.kz

Өз кезегінде әкімдік өкілдері "Сұңқар" ТК аумағында қауіпсіздік шаралары ДСҰ стандарттарына сәйкес қабылданғанын хабарлады. Дегенмен жергілікті тұрғындар арасында таралу қаупі бар.

"Жұқтырған адам боксқа орналастырылған. Бірінші желінің барлық байланысы оқшауланды. Енді карантин аймағы арқылы жұқтыру тізбегін тоқтату керек", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың хабарына қарағанда, Алматыда жұқтыру ошақтары анықталды. Онда дезинфекция жүргізіледі.

"Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет - жұқтыру тізбегін үзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына жол бермеу және оны басқа өңірлерге экспорттауға жол бермеу", - деді Ержан Бабақұмаров.

Жұқтыру ошақтарын оқшаулау құқық қорғау органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, медициналық ұйымдардың, аудан әкімдіктерінің және ПИК-тің күшімен бірлесіп жүргізу жоспарланған. Карантин кезеңінде ошақтың тұрғындарына өзін-өзі оқшаулау қажет болады. Жұқтыру ошағының аймақтарында бақылау-өткізу пунктері орнатылады. Карантин аймағының ішінде қозғалысты шектеу көзделеді.

Ошақтың аймағында дүкендер мен дәріханалардың жұмысы, оларға қызмет көрсету бойынша әлеуметтік қызметкерлерге бекітілген карантинделген пәтерлер/үйлерге қызмет көрсету, қажеттілігіне қарай Медициналық және авариялық қызметтерді қосу қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, аудандық әкімдіктер халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін тұлғаларға көмек көрсетеді.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-сі Нұр-Сұлтанда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети