19 наурыз 2020 10:44

Алматыда тағы бір көпқабатты үй тұрғыны коронавирус жұқтырды деген хабар тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Әлеуметтік желілерде Алматыда коронавирусқа байланысты екінші тұрғын үй қоршауға алынғаны туралы хабар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматыда коронавирусқа байланысты екінші тұрғын үй қоршауға алынғаны туралы хабар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-хабарламада бұл жолы Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысындағы Almaty Towers тұрғын үй кешені туралы сөз болады. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына жетті. Бұл жерде полиция жоқ болып шықты, ТК маңында жағдай қалыпты.

Қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мекенжай бойынша ешқандай да қоршау болмағанын хабарлады. 

Ал бұған дейін WhatsАpp-та тараған хабарламада Түркістан облысы Келен ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырды деген мәлімет тараған. Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жазаланады.

Еске салайық, кеше, 19 наурызға қараған түні Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілген болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети