16 ақпан 2021 09:15

Алматыда құрамындағы ГМО-сы нормадан асып кеткен 2,5 тонна корей кеспесі өртелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

2020 жылы Алматы мен Алматы облысында тез дайындалатын корей кеспесінің 2,5 тоннасы жойылды. Өнімдер қала мен аймақтардың сауда желісінде сатудан алынды. Ал жеткізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылы Алматы мен Алматы облысында тез дайындалатын корей кеспесінің 2,5 тоннасы жойылды. Өнімдер қала мен аймақтардың сауда желісінде сатудан алынды. Ал жеткізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар Алматы мен Алматы облысының сауда желілерінен 17 598 орам өнімді қайтарып алды. 2,5 тонна корей кеспесі арнайы пештерге жіберілді.

Жеткізуші VCA ЖШС-ға 155 АЕК (410 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Еске салайық, Алматылық дәрігерлер тез дайындалатын "Джин Рамен" корей кеспесін қауіпті деп атаған болатын.

"Зертхана жұмысының қорытындысына сәйкес, кеспедегі гендік модификацияланған сояның мөлшері 1,4 пайыздан 10,25 пайызға дейін, печеньеде 47,75 пайыздан асқан. Ал өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, тамақ өнімдеріндегі ГМО мөлшерінің рұқсат етілген нормасы "тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9 пайыздан аспауы керек", - делінген болатын хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети