24 қаңтар 2022 12:14

Алматыда құрылыстағы жұмысшы өліміне байланысты барлық кран тексеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінен Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде кранының құлауының алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде кранының құлауының алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдікте өткен таңертеңгілік кеңесте Бақытжан Сағынтаев құрылыс крандары мәселесін көтерді. Мегаполис басшысы құрылыс жүріп жатқан барлық нысанда техниканы тексеруді тапсырды.

"Төтенше жағдай болды: бейбіт уақытта, боран немесе жел жоқта, құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза болды. Осыған байланысты қандай шаралар қолданылып жатыр?" - деді ол орынбасары Мұхит Әзірбаевқа.

Мұхит Әзірбаев осы аптада қаладағы барлық кранды тексеретін жұмыс тобы құрылды деп жауап берді. Алматы әкімінің орынбасары алдын ала себептер бойынша кран техникалық проблемаға байланысты құлап кеткенін мәлімдеді.

"Техникалық проблеманы кім жасайды? Краншы емес шығар?", - деді Сағынтаев.

"Қазір комиссия себебін анықтап жатыр, бірақ бұл краншыдан емес. Мүмкін, бұл кран құрылымының тозуы немесе басқа себептен болуы мүмкін. Бұл тергеу және кранның техникалық жағдайын тексеру барысында анықталады", - деп жауап берді Әзірбаев.

Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәліметінше, бүгінде қалада 143 құрылыс нысаны бар. Әзірбаевтың айтуынша, олардың әрқайсысында орта есеппен 4-5 кран жұмыс істейді.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Алматыда Таугүл ауданындағы құрылыс алаңында кран құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети