03 қараша 2022 09:09

Алматыда құрылысы тоқтап қалған апатты көпқабатты екі үй сүріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының "Зерделі" шағынауданында құрылысы аяқталмаған екі тоғыз қабатты үй бірден сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматының "Зерделі" шағынауданында құрылысы аяқталмаған екі тоғыз қабатты үй бірден сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағылар үшін салынатын бұл үй осыдан 10 жыл бұрын тұрғызыла бастаған. Бір үй 36 пәтерге, екіншісі 72 пәтерге есептелген. Іргетасы шөгіп, қабырғасы қақыраған қос үйдің құрылысы жеті жыл бұрын тоқтап қалған. Себебі, мамандар сапасы сын көтермейтін қос үйді апатты деп таныды. Қазір жұмысшылар үйді бұзуға кірісіп кетті. Ал оның орнына саябақ салынады деп жоспарланған.

Мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген тоғызқабатты баспананы бұзуға бюджеттен 1 миллиард 400 миллион теңге бөлініпті. Атышулы "Зерделі" ықшамауданында бұдан бөлек қисайған 30 үй бар. Оларды қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

"Алматыда "Қазнииса" деген мемлекеттік мекеме бар. Осы институттың қорытындысы бойынша үйдің сапасы өте нашар. Атап айтқанда, бетонның беріктігі, арматура сәйкес келмейді. Және де үй дұрыс салынбаған. Мердігердің өзі жауапсыз болып тұр ғой. Жұмысын да дұрыс істемеген. Уақтылы жасамаған. Проблемалы компания деп айтуға болады", - дейді Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нұрғожаев.

Құрылыс саласының кәсіподақ ұйымы сапасыз тұрғын үй мәселесімен ғана емес, оның туындау себебімен де күресу қажет екеніне сенімді.

"Осындай мәселелерді жүйелі шешпейінше олқылықтар жалғаса береді. Материалдар орта есеппен алғанда 10, 15, 20 пайызға қымбаттаған болса, онда материалды өзіндік құнға қосу керек. Сосын мұндай сапасыз үйлер азаяды", - дейді Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Зерделідегі тоғыз қабатты екі үйді бұзу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Олардың орнына саябақ орнатуға уәде берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети