Алматыда менингокок инфекциясынан қайтыс болған баланың өлімінен кейін балабақшадағы балалар тобы таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда менингокок инфекциясынан қайтыс болған баланың өлімінен кейін балабақшадағы балалар тобы таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қайтыс болған бала балып жүрген топтың балалары таратылды. Сондай-ақ, осы топтағы балалардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Балабақшаның нөмірін айта алмаймыз, ол құпия ақпарат", - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері балабақшаның уақытша 10 күнге жабылғанын хабарлады.
Осыған дейін баланың шұғыл сепсистен қайтыс болғаны хабарланған еді.
"Ол тамағы ауырып, қалтырап ауырған, бірақ температурасын өлшемеген. Таңертең ол қатты уланғанына қарамастан, жұмысына барған, бірақ жұмыс істей алмай, жедел әрдем шақыртқан. Ол ауыр жағдайда қалалық жұпалы аурулар емханасына жеткізілген. Сол жақтан интенсив терапия жансақтау бөліміне инфекциялық-улану шок алу жағдайында ауыстырылған. Кафедра дереу науқасты қарап, бірнеше рет консилиум өткізіп, шаралар кешенін бастадық, бірақ Уотерхаус Фредерик синдромы ушығып кетті. Әйел тәулік ішінде қайтыс болды", - деп түсіндірген еді қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералин.
Одан бөлек тағы екі адамның қайтыс болғаны айтылады - ер адам мен әйел адам.
Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламалар тарап, дәрігерлер оған қатысты пікір білдірген еді.
Менингокок инфекциясынан екпені қалай алуға болады?