20 тамыз 2015 15:09

Алматыда мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойғандарға 37 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bezpregrad.com © Bezpregrad.com

2015 жылдың басынан бері Алматы полициясы мүгедектерге арналған тұраққа автомобиль қойғандарға 37 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


2015 жылдың басынан бері Алматы полициясы мүгедектерге арналған тұраққа автомобиль қойғандарға 37 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жол ережесін бұзғандарға қатысты 548 хаттама толтырылды. Айта кетейік, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойғаны үшін 50 АЕК немесе 99,1 мың теңге айыппұл салынады. "Қазірге дейін 348 адам айыппұлды төледі, яғни 18 миллионнан аса ақша төленді", - деді Алматы ІІД ӘПБ жол-техникалық инспекциясының басшысы Еркін Өтегенов.

Айта кетейік, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойғандарды бақылау 2014 жылдан бастап күшейтілді. Полициядағылар мұдай орындарда арнайы белгінің орнатылғанын растады. Олардың айтуынша, мүгедектерге арналған тұрақтарға басқа транспорт көлігін қоюға болмайды. Дегенмен жүргізушілердің көбі мұны ескермейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында мүгедектердің көлігі қойылатын орындарға жайғасқан машиналарға "Рөлде мүгедек" деген жапсырмалар жапсырылған болатын. Жол қауіпсіздігі ассоциациясының директоры Арсен Шакуовтың айтуынша, бұған дейін такси қызметінің жүргізушілері көліктің көптігінен машиналарын қоятын ыңғайлы орын таба алмайтындықтарын айтқан. Акция барысында "Рөлде мүгедек" деген жапсырма алған жүргізушілердің бірі таныстарының чемодандарын тиеу үшін тоқтаған екен. Ол өзін екінші топтағы мүгедек деп таныстырды. Қоғамдық қызметкерлер келгенге дейін де көлік тұрағында жапсырмалары бар көліктер тұрған. Алайда олар көліктеріндегі жапсырмаларға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети