17 маусым 2021 10:02

Алматыда "Назар аударыңыздар!" деген дабыл қағылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 маусымда Алматы ТЖ Департаменті құлақтандыру жүйесінің дайындығына жоспарлы тоқсан сайынғы техникалық тексеру жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


17 маусымда Алматы ТЖ Департаменті құлақтандыру жүйесінің дайындығына жоспарлы тоқсан сайынғы техникалық тексеру жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Бүгін, 2021 жылы 17 маусымда, жергілікті уақытпен сағат 12.55-те Алматы қаласы ТЖ Департаменті құлақтандыру жүйесінің әзірлігіне жоспарлы тоқсан сайынғы техникалық тексеру жүргізеді. Тексеру кезінде "Назар аударыңыздар!" деген бірыңғай ескерту дабылы электр дыбысы арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын алаңдамауға шақырды.

Сонымен қатар, ТЖД өкілдері Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренасын қосу ережелерін еске салды.

Дабыл қосылған кезде үйде болсаңыз:

  • радио және теледидарды қосыңыз;
  • шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Дабыл қосылған кезде көшеде болсаңыз:

  • көшедегі дабыл дыбысы мен жылжымалы құралдар арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети