29 шілде 2023 17:45

Алматыда өмірін қатерге тігіп күшікті құтқарған жігіт көпшілікті сүйсінті

ПОДЕЛИТЬСЯ

saulebikiteeva/видео кадры saulebikiteeva/видео кадры

Алматыда күшікті құтқарған жігіттің видеосы жұртты сүйсінті. Алайда желі қолданушлары иттің иесі алғыс айтпағанына ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Алматыда күшікті құтқарған жігіттің видеосы жұртты сүйсінті. Алайда желі қолданушлары иттің иесі алғыс айтпағанына ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны заңгер Сауле Бикитеева Instagram-парақшасында жариялады. Онда күшікті құтқару сәті көрсетілген. Кадрларға қарағанда күшік өзеннің арғы бетіне өтіп, кейін қайта алмай қалған. Ал иттің иесі бергі жағалауда қалған.

Бұл жағдайға бейжай қарамаған жігіттер, итті құтқаруға көмектескен. Мұны достардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Үш жігіттің біреуі аяқкиімін шешіп, өзен арнасын бөліп тұрған бетон өткелден арғы жағалауға өтеді. Одан әрі жігіт күшікті қолына алып, кері қайтады. Бұл кезде кадр сыртындағылар оған дауыстап қолдау көрсетеді. Жігіт итті иесіне тапсырып, судан шыққаннан кейін "аяғы тоңып қалғанын", ал жанындағылар судың суық екенін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

Видео астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бір сағатқа жуық уақытта пікірлер саны жүзге таяған. Көпшілік "өмірін қатерге тігіп, күшікті құтқарғанда, иттің иесі рақмет те айтпағанына" ашуланған.

"Рақмет те айтпады, алғысты былай қойғанда", "Рақмет қайда?! Қасында жігіттер тұр ғой, неге өздері құтқармады, ондай болса. Алла разы болсын құтқарушыға", "Өміріңді неге қатерге тіктің, рақмет те айтпады", "Иттің иесі сол итті айналып, ар жақтан алмай ма?", "Адамдар алғыс айтудан қалған", "Кең пейіліңнен, ақжүректілігіңнен айналдым, адамға деген ыстық ықыласыңнан сол, көмек қолыңды созсаң одан кем болмайсың, жүз жаса, қарағым", "Дап-дардай жігіт тұр ғои иттің иесінің жанында, не оның жаны тәтті ме? Тұр ғои қарап", "Кұдай-ау итті алып шығам дегенше менің зәрем қалмады ғой. Аяғың тайып кетсе ағып кетесің ғой, балам-ау", - дейді қолданушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети