13 наурыз 2019 14:53

Алматыда өрт кезінде балаларды құтқарған әскери қызметкер марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының әскери қызметшісі Нұрқанат Дүйсен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының әскери қызметшісі Нұрқанат Дүйсен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрінің атынан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшысы полковник Асқар Мұсабеков әскери қызметшінің көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, оның батыл іс-әрекеттері мен жылдам реакциясының арқасында балаларды өрттен аман алып қалғанын ерекше атап өтті. 

"Нұрқанаттың батылдығы - әрбір қазақстандық үшін үлгі, өйткені қызметтік борышын орындау кезінде ғана емес, басқа да өмірлік жағдайларда да жанқиярлық пен батылдық танытуға болады", - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, 2019 жылы 11 наурызда қызметтен қайтып келе жатып, жанып жатқан жатақхананың маңынан өтіп бара жатқан қатардағы жауынгер Нұрқанат Дүйсен терезеден көмек сұрап, айғайлаған дауысты естіп, уақытты жоғалтпай, көмекке жүгінді. Алапат өртке қарамастан, ол алты және үш жасар балалардың шығарып үлгерген. Анасы өрттен құтқарған үшінші баланы терезеден лақтырған кезде Нұрқанат бушлатпен ұстап алған. Абырой болғанда, жатақханда болған өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети