29 мамыр 2020 16:14

Алматыда өртеніп жатқан қойманы сөндіруге авиация жұмылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шыққан ірі өртті сөндіру үшін авиация тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда шыққан ірі өртті сөндіру үшін авиация тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство ақпараты бойынша, 600 шаршы метр аумақта мототехниканы сақтайтын қойма жанып жатыр.

"Авиацияны дайындап жатырмыз!"- деп хабарлады ТЖД өкілі.

Еске салайық, Түркісіб ауданындағы Бекмаханов көшесіндегі ғимаратта ірі өрт шықты. Бұған дейін макулатурасы бар қойма өртеніп жатқаны хабарланған.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар тарап жатыр. Түтін қаланың түрлі бөлігінен көрінеді.

"ТЖД өртсөндірушілері жоғары нөмір бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін 15 дана техника, жеке құрамнан 60 адам және 30 тонналық 2 автопоезд жіберілді. Үш жауынгерлік учаске құрылды", - деп хабарлады ТЖД өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети