09 шілде 2020 18:30

Алматыда Панфиловшылар саябағын жөндеуге бөлінген қаржы қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағын абаттандыруға бөлінген қаржы қысқарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жайлы орта басқармасына сілтеме жасап.


Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағын абаттандыруға бөлінген қаржы қысқарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жайлы орта басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, саябақты абаттандыру жобасына өзгерістер енгізіліпті.

"Шығындарды оңтайландыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Жобаға өзгеріс енгізу барысында субұрқақ, балалар алаңдары мен спорт алаңдарының құрылысы сияқты қомақты қаржыны талап ететін жұмыстар жобадан алынып тасталды. Жол плиткаларын салу 60 пайызға қысқарды. Нәтижесінде қомақты қаржы үнемделетін болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына абаттандыруға 946,6 миллион теңге жұмсалатыны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети