Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда Respublica саяси партиясының алғашқы құрылтайы өтті 06 желтоқсан 2022, 16:08

Respublica жаңа саяси партиясының алғашқы Алматыда өткен құрылтайы еліміздің барлық өңірлерінен дерерік 1000-ға жуық делегаттың басын қосты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Respublica жаңа саяси партиясының алғашқы Алматыда өткен құрылтайы еліміздің барлық өңірлерінен дерерік 1000-ға жуық делегаттың басын қосты.

Партияның құрылтайшылары мен көшбасшылары белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері. Respublica партиясының төрағасы болып Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев сайланды.

Құрылтайшылар партия жетекшілері мен делегаттар арасындағы қашықтықты барынша азайту мақсатында дәстүрлі сахна мен үйреншікті төралқалықтан бас тартты. Құрылтай ортақ пікірлестердің бейресми алаңына айналып, оның аясында қатысушылар партияның миссиясын кеңінен талқылап, ел ауқымындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстары мен тың идеяларын ортаға салды.

Respublica партиясының Restart деп аталатын бағдарламасы мемлекеттің барлық салаларын және қазақстандықтардың тыныс-тіршілігін қайта құруды мақсат етеді. Партияның маңызды миссиясы - бәсекелестікті қамтамасыз ету арқылы билікте ашықтыққа қол жеткізу.

"Respublica - есеп беретін билікті орнатуды және барлық деңгейлерде транспаренттілікті бекітуді жоспарлап отырған мета-партия. Біз халықтың мұң-мұқтажына ұмтылған үкімет, ал халқы өз көсемдеріне, елдің жарқын болашағына нық сенетін, көркейген және әділ елде өмір сүргіміз келеді. Respublica партиясының қатарында заманауи көзқарасы мен Қазақстандағы тоқырау мен жүйелі дағдарысты еңсеріп, орнықты даму үшін не қажет екенін білетін, нақты стратегиялық көзқарасы бар жасампаз жастар бар", - деп хабарлады партия көшбасшылары.

Партияның түстері көк, көгілдір және ақ болып таңдалады. Көк - тұрақтылықты, ал көгілдір түс өркендеуді білдіреді. Ақ түс - тазалық пен адалдықтың белгісі. Партияның атауы да кездейсоқ таңдалмаған: латын тілінен аударғанда "республика" сөзі "ортақ іс" дегенді білдіреді. Тек ортақ күш-жігермен, бір-бірін қолдай отырып, бір-бірімен тәжірибе мен идеялармен бөлісе отырып, Қазақстанды басты құндылығы - адам болып саналатын заманауи өркендеген мемлекетке айналдыруға болады, деген сенімде партиялықтар.

Құрылтай қорытындысы бойынша делегаттар талқылауға ұсынылатын жобалармен танысып, өз дауыстарын беру арқылы, партия құру туралы бірауыздан шешім қабылдады, оның атауын, жарғысын, бағдарламасын бекітіп, басқару органдарын құрды. Партия жетекшілері құрылтайда қабылданған негізгі бағдарлама Қазақстанның кез келген азаматының өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарымен толықтырылатынын ерекше атап өтті. Партияға мүше болу үшін @RespublicaQZbot Телеграм боты әзірленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал

Join Telegram