07 сәуір 2021 15:17

Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан мереке жас жұптың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, "МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының экс-солисі Айдана Меденова болған.

Тойда әнші Сәкен Майғазиев жас жұбайларға арнап тілек айтады.

"Жаман індет жерге енсін. "Сәуір болмай, тәуір болмайды" дейді. Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші", - дейді әнші.

Ресми ведомство Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы қазіргі уақытта тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қазір мекеме әкімшілігімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Видео мұрағатынан іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәлімет алынады", - деп хабарлады мониторингтік топтың өкілдері.

Бұған дейін Алматыда екі той өткізген мейрамхана басшысы жазаланатыны хабарланған болатын. Тойға блогерлер мен әртістер қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети