25 қараша 2022 09:13

Алматыда сахнада тұрып әйелдерді балағаттаған стендапер 10 тәулікке қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда стендапер сахнада тұрып қызды қорлағаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда стендапер сахнада тұрып қызды қорлағаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Алматы қалалық полициясы өкілдері жариялады.

"Алматы қаласының Полиция департаменті, Медеу аудандық Полиция басқармасымен 2000 жылы туған Т. есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, тұрғынның жасы 22-де.

Еске салайық, Желіде Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптаған видеосы тараған еді. Видеода ол қыздарды келемеждеп, сұрақтарына дұрыс жауап бермей, "сенің анаң да жезөкше, басың дұрыс істемей ме?" дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети