06 маусым 2022 07:02

Алматыда Сәкен Майғазиев, Альмира Тұрсын және басқа да жұлдыздар дауыс берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Алматыда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға танымал актерлер, әншілер, музыканттар қатысты, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.


Алматыда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға танымал актерлер, әншілер, музыканттар қатысты, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Танымал қазақстандық "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жексенбі жұмысы көп болғанына қарамастан, ел болашағы үшін өзі тіркелген 383-учаскеге келіп таңдауын жасады.

"Кез келген қоғамның азаматы мемлекетте болып жатқан іс-шараға жүрдім-бардыммен қарамау керек. Ең бастысы, мен бармасам да шешіліп қояды, менің дауысым не шешеді деген сондай енжарлық бізде басым болып тұр, өкінішке қарай. Біз сол мәселеден арылуымыз керек және жіті танысуымыз керек не болып жатыр", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Көпшілікке "Томирис" фильмі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын дауыс беруге ұлымен келді. Актриса көркем фильмнен кейін тарихи шығармаларды қайталап оқып жүргенін айтады. Мемлекеттің қуатты болып, экономикалық дамуы - халықтың қолында. Сондықтан, ел өміріндегі оқиғаларға бейжай қарамау керек, дейді ол.

"Біз отбасымызда саясат пен сенім мәселесін талқылағанымызбен әр адамның таңдауына қарсы шықпаймыз. Тек өзіміздің көзқарасымызды ортаға саламыз. Ұлыма осында келе жатқанда референдум туралы түсіндіріп, не үшін керектігін айттым. Ұлым менен қандай өзгерістер енгізілетінін, ненің ауысатынын сұрады. 9 жастағы бала болса да барлық айтқанымды түсініп тұр. Ал ата-анам сәлден кейін келетіндерін айтты", - деді кино жұлдызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almira Tursyn (@almiratursyn)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева Ұлттық кітапханада орналасқан №254 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Белгілі скрипкашы бүгін арнайы ашық түсті киім киіп келгенін, бұл тазалықтың және болашаққа деген үміттің белгісі деп ырымдағанын айтады. 

"Біздің отбасымызда  әкем өте қатал адам. Барлық кезде тәртіпті талап етеді. Бүгін ол да дауыс берді. Және осындай жауапты кезеңдерде шетте қалмай бізге де белсенді болуға шақырады. Өйткені әкем еліміздің болашағына ешқашан бейжай қарамайтын адам", - деді Республиканың еңбек сіңірген қайраткері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети