1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда самокат пен мопедтер 29 рет жол апатына ұшыраған 14 мамыр 2021, 11:06

Алматыда жыл басынан бері мопед пен самокаттар 29 рет жол апатына ұшыраған. Арнайы талдау негізінде қаладағы қауіпті 33 жер анықталды, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Алматыда жыл басынан бері мопед пен самокаттар 29 рет жол апатына ұшыраған. Арнайы талдау негізінде қаладағы қауіпті 33 жер анықталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz

"Vision Zero бағдарламасы аясында жол апатын азайту үшін қалалық мобильділік басқармасымен бірге қауіпті учаскелер жаңартылады. Мысалы, сіз байқағанымыз бойынша, кейбір учаскелер мен қиылыстарда ерекше ашық қызыл, сары және тіпті вафли таңбалары қолданылады. Бұл жүргізушілердің назарын арттыру үшін жасалды", - деді қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы талдау негізінде қалада жол-көлік оқиғалары жиі болатын ең қауіпті 33 учаске анықталды.

Таймерденовтің сөзінше, кейінгі жылдары қалада мопедтер мен самокаттар да көбейген. 

"Біздің бақылауымызша, қалада 2-2,5 мың аралығында электросамокат айдаушы мен мопедист жүреді. Олардың көбі жеткізу курьері. Жыл басынан бері мопед және самокаттар 29 рет жол апатына ұшырап, бір адам қайтыс болды, тағы 29 адам түрлі жарақат алды. Осы бағытта біз әкімдікпен бірлесіп курьерлік компаниялардың басшыларымен кеңес өткіздік, соның нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ жеткізушілер мен олардың жүріп-тұру құралдарының есебін жүргізу бойынша бірқатар ұсыныс әзірленді", - деді Таймерденов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging