26 мамыр 2023 10:37

Алматыда саперлар "жарылғыш зат" қойылды деген мектептерді тексерді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда саперлер бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда саперлер бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыда төрт мектеп қоршауға алынғаны, оның екеуі Түрксіб ауданында орналасқаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Қаланың төтенше жағдайлар қызметі осындай хабарламаларға алғашқы ден қою аясында қазіргі уақытта бұл нысандарда жарылғыш зат бойынша зерттеу жұмыстарын атқарып жатыр. Саперлер комиссиялық тексеруді эвакуациясыз жүргізеді.

Полиция Алматы тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жалған ақпарат таратпауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети