02 тамыз 2018 | 17:32

Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың оқиғасы: ІІД басшысы әкесінің туыстарымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қалалық ІІД басшысы, полицияның генерал-майоры Серік Күдебаев Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың әкесінің туыстарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ІІД басшысы, полицияның генерал-майоры Серік Күдебаев Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың әкесінің туыстарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында кеше түнде көшеде жиналған Мұрат Асқароғлының туыстары мен көршілеріне барлық жағдай түсіндірілген болатын.

"Мен жиналғандармен өзім жеке сөйлестім. Конструктив диалог болды, сұрақтар қойылды, сұрақтарға расталған жауаптар берілді. Мұрат Асқароғлының туыстары онымен кездескісі келетінін айтты. Оларға бұл мүмкіндік берілді: олар Департаменттің ғимаратында көрісті. Мұрат оларға сол күні не болғанын айтып берді. Сол кездесуден кейін барлығы тарады", - деді Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Полиция өкілдері жиналғандардың тарапынан қоғамдық тәртіп бұзушылық тіркелмегенін айтып өтті.

Мұның алдында Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар Шығыс айналма автожолында табылған баланың жағдайын айтып берген болатын. Дәрігерлердің мәліметінше, бүгін баланың жағдайында оң өзгеріс байқалған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети