02 тамыз 2018 12:36

"Бассүйегіне пластика қою қажет" - Дәрігерлер әкесі таспен ұрған баланың жағдайы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар Шығыс айналма автожолында табылған баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар Шығыс айналма автожолында табылған баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің мәліметінше, бүгін баланың жағдайында оң өзгеріс байқалған.

"Бала есін біледі, оқиғаларды бағамдай біледі. Бүгін күліп, су мен ас ішіп жатыр. Қолы мен аяғы қозғалады. Бірақ әлі де көңіл-күйі тұрақты емес. Жалпы алғанда жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы интенсив терапия жалғасып жатыр. Баланың бассүйегіне пластика қою қажет, сүйегі бізде. Бұл процедураны 2-3 айдан кейін немесе жарты жылдан кейін, жағдайына қарай өткізуге болады", - деп хабарлады балалар шұғыл медициналық көмек орталығының нейрохирург дәрігері Николай Дьяченко. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети