Алматыда Достық даңғылындағы учаскеде заңсыз салынған сауда нысандары бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Достық даңғылындағы учаскеде заңсыз салынған сауда нысандары бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы учаскеде қажетті рұқсатсыз бір қабатты үш нысан құрылысы жүргізілгені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жер телімін бастапқы қалпына келтіру жөнінде нұсқама берілді.
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Қазіргі уақытта өз бетінше салынған нысандар меншік иесінің күшімен толықтай сүрілді", - деп хабарлады басқарма.
Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі
Бұл мекенжайда заңсыз нысан бұрын да сүрілген
Айта кетейік, Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы учаске бұған дейін де заңсыз құрылысқа қатысты сот талқылауларына өзек болған. 2024 жылдың маусымында мұнда заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілген еді. Әкімдік мәліметінше, нысан құрылысы 2005 жылы басталған, кейін жаңа меншік иесі тиісті рұқсат құжаттарынсыз құрылысты жалғастырған.
Сол кезде әкімдік аумақта заңсыз сауда нысандары да орналасқанын хабарлаған еді. Сот талқылауларынан кейін көпқабатты үй мен павильондарды бұзу туралы шешім заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз: Алматыда дәмхана сүрілді: әкімдік себебін түсіндірді