27 маусым 2023 14:58

Алматыда суық су мен кәріз тарифтері өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

1 шілдеден бастап Алматыда суық су мен кәріз тарифтері өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


1 шілдеден бастап Алматыда суық су мен кәріз тарифтері өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы Су" мәліметінше, Алматыда 1 шілдеден бастап судың бір текше метрі үшін 55,2 теңге және кәріздің бір текше метрі үшін 32,74 теңге деңгейіндегі жаңа тарифтер қолданысқа енгізіле бастайды.

"Алматыда соңғы рет су тарифі тек 2014 жылы – бір текше метр үшін 55 теңгеге дейін көтерілген. Содан бері өткен 9 жыл бойы тарифтер тек төмендеп келген және бүгінде 1000 литр үшін 48 теңгеден аз мөлшерде қолданылып келеді. Алматы қаласындағы су құбыры желілерінің тозуы 54,4 пайыз болғандықтан, 3607 шақырым құбырлардың 2033 шақырымын кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттігі туындап отыр", - делінген хабарламада.

Кәсіпорынның жөндеу қоры толығымен Алматыда ел бойынша ең төмен саналатын су мен кәріз тарифтерінің деңгейіне тікелей байланысты.

"Сондықтан, "Тарифтерді инвестицияларға айырбастау" мемлекеттік саясатын іске асыру инженерлік желілер мен су дайындау станцияларындағы, кәріз тазарту құрылыстарындағы және сорғы станцияларындағы қажетті жабдықтарды ауыстыру үшін көбірек қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. Ал аталған жұмыстарды іске асыру желілердегі апаттылықты азайтып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сумен жабдықтау және ағынды суды бұру қызметтерінің тарифтерінің өзгеруі бір пәтер үшін ай сайынғы коммуналдық төлемдердің сомасын 15 пайызға, орта есеппен 150 теңгеден кем арттырмақ. Яғни, тариф біршама көтерілгенмен, оның деңгейі халық үшін 2014 жылғы көрсеткіштерде сақталады", - делінген хабарламада.

Заңды тұлғаларға болса, сумен жабдықтау қызметтері тарифтерінің өсуі 69,2 пайыз, ал кәріз тарифтері – 89.4 пайыз болады. Суық су мен кәріз Кәсіпорынның өндірістік шығындарының аз бөлігін ғана қамтитынын ескеру маңызды. Осыған байланысты, заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтауға және су бұруға арналған жаңа тарифтердің деңгейі тауарлар мен қызметтердің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді, делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети