Алматыда тағы бір дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына тағы бір ағаш құлады. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына тағы бір ағаш құлады. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған видеода құлаған ағаш дәмхананың жарты бөлігін жермен жексен еткен.
Адамдар ағаш құламай тұрып, дәмханадан шығып үлгерді. Видеоның сипаттамасында оқыс оқиға Орталық демалыс саябағында болғаны айтылған.

"Жақын жерде орналасқан мекеменің үстіне ағаш құлады. Жақын жерде адамдар мен балалар болған. Куәгердің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген жазбада.

Осыған байланысты пікір алу үшін қала әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгінген едік. Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті ақпарат ұсынды.

"Мамандар саябақ аумағына барып, тексеріс барысында көпжылдық ағаштың құлағаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Ағаш дәмханаға іргелес жатқан "Алтын Тараз" ЖШС-не тиесілі.

Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп,ұстау және қорғау ережесіне сәйкес меншік иесі күтіп-баптау жұмыстарын, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуді жүргізуі тиіс. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жолдады", - деп түсіндірді басқарма.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Алматы (@almaty_kris_p)

Еске салайық, 25 мамырда Алматыда дәмхананың жазғы алаңына алып ағаш құлады. Қонақтар ағаштың құлайтынын байқап, қашып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer